Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «30 қайырымды іс» науқаны өз жалғасын табуда. Балаларды айналасындағы көмек қажет ететін адамдарға бағытталған игі істер жасауға ынталандыру, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген мейірімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында ЖББ Шежін МББК аға тәлімгері Батырова Ж.Н. ұйымдастыруымен мектебіміздің еріктілер тобы ауылымыздың ардагер ұстазы Шолпан Сабырқызының үйіне барып өз қол ұштарын созды. Ауласындағы мұздарды ойып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Ардагер ұстаз оқушылардың атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, батасын берді. Бұдан әрі де мектебімізде қайырымдылыққа байланысты игі істер жалғасын таба бермек.
http://shejin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/aga-talimger-chezi/9734-%C2%AB30-%D2%9B%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B-%D1%96%D1%81%C2%BB.html#sigFreeIdaedd3aaaaf