Санаулы күннен кейін 2022-2023 оқу жылы басталады. Жаңа оқу жылды Шежін МББК-ні қазақ тілінде 13 сынып комплектісімен, 1 МАДС және 2 балабабақша тобымен бастағалы тұр. Балалардың қауіпсіздігі мен санитарлық нормаларды сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Дезинфекциялық заттар, кілемшелер, термометр, санитайзерлер, бактерицидный лампалар және т.б. заттар жеткілікті көлемде алынды. Мектепте 34 бейнебақылау (соның ішінде сыртқы-13, ішкі-21), бір дабыл түймесі бар.
Мектебіміз жаңа 2022-2023 оқу жылына дайын. Маусым-шілде айларында мектепте шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді.Соның ішінде, кабинеттер, дәліздерді ақтау, сырттағы экспонаттарды сырлау. Сыртқы келбетте жарық шамдары, мектеп асханасында крандар ауыстырылды. Жоспарда мектептің спорт залын, сыртқы сырлау жұмыстарын жүргізу және мектептің алдына велотұрақ орнату. Биылғы оқу жылында модернизация бойынша 3 кабинет (физика, химия, биология) жаңа үлгіде жабдықталады деп жоспарлануда.
Мектепте кітапхана қоры-15836дана. Оның ішінде 10799 негізгі қор, 5037 оқулықтар. Оқушылар толық оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау барысында жаз бойы мектеп формасы туралы ата-аналарға ақпарат беріліп отырылды. Бірнеше жыл бұрын бәрімізге мәлім БҒМ-мен мектеп формасын кию туралы бұйрық қабылданды. "Мектеп формасы" ұғымы, оның принциптері және оған қойылатын талаптар, ешқайда кетпеді, сол принциппен жұмысымызды жалғастырамыз. Биылғы оқу жылына да мектептің ережесіне сай мектеп формасы қара көк түсті.
Жаңа оқу жылына дайындық жұмысы педагогикалық ұжым арасында да қарқынды жүруде. Мектеп қажетті мамандарға конкурс жариялады. Бірнеше ұстаздарымыз біліктіліктерін курстарда білімдерін арттыруда. Күні бүгін мектепте 38 педагог жұмыс жасап келеді. Педагог-зерттеуші-3, педагог-сарапшы-14, педагог-модератор-11, жоғары санатты-1, І санатты-2, ІІ санаты-1. Педагогтарымыз тамыз кеңесінің секциялық отырыстарына қатысып жаңалықтармен танысуда.
Сонымен қатар, 15 тамыздан кейін, педагогтердің көпшілігі демалыстан шықты, мектебіміздің тренерлері олар үшін ІТ құзыреттілік бойынша курстар дайындап, бастағалы отыр. Себебі, 2022-2023 оқу жылында мұғалімдерді өте көп жаңа жағдайлар күтіп тұр. Соның ішінде мектепке электронды күнделік енгізу. Мұғалімдердің жаңа жағдайларға дайындығы өте маңызды мәселе. Сондықтан курстар мынадай мәселелерді қамтиды: А) IT-құзыреттер – интернетте ақпараттық жүйелермен қалай жұмыс істеу керек; б) цифрлық педагогикаға, жаңа жағдайларда оқыту әдістемесі мен әдістемесіне қатысты мәселелер. Қазіргі заманғы мұғалім үшін бұл дағдылар кез-келген жағдайда қажет, сондықтан біз нәтижеге қарамастан осы курстарды өткіземіз.
Курстарды өткізу, оқыту бұл бір мәселе болса... Оқушылардың жеке – компьютерлері, серверлер, интернет жылдамдығын кеңейту, байланыс арналары және т.б. екінші проблема. Ауылымыз толық интернетпен қамтылмаған. Егер мектепте бір компьютерге 5 бала келетін болса, тиісінше, біз олардың IT-құзыреттерін дамыта аламыз немесе басқа сабақтарды қалыпты өткізе аламыз деп айтуға болмайды. Қазір компьютерлер тек информатика сабақтарына ғана қажет емес . Сондықтан қазір біз бұл мәселені аудан, облыс көлемінде көтеріп, мектептер үшін компьютерлер сатып алу, серверлерді жаңарту және түгендеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
2022 жылдың 1-31 тамыз аралығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы жұмысы жүргізілуде. Акция аясында мектептің әлеуметтік педагогі ауылдағы үйлерді аралап, мектеп жасындағы балалардың тұрмыс тіршілігіне көз жеткізді. Жалпы ауылда тұрмыстық тіршілік жақсы деңгейде. Күні бүгін 16 көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілер арқылы мектеп сөмкелері және оқу құралдары табысталуда.
Біз үшін негізгі факторлар – бұл педагогтар мен оқушылар өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігі, екіншісі, сөзсіз, бұл сапа – біз оны жоғалтпауымыз керек. Сондықтан біз осы екі негізгі факторға сүйене отырып жаңа оқу жылымызды бастағалы тұрмыз. Жаңа оқу жылында барша әріптестеріме, оқушыларға, ата-аналарға сәттілік тілеймін!
Құрметпен, Шежін МББК директоры В.Бакитова
Сұрақтарыңыз болса, 23-3-74 байланыс телефонмен хабарласуға болады.
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Шежін мектеп жоспары 2021-2022 оқу жылы | .DOCX |