Шежін мектеп ордасында 22 қыркүйек тілдер күніне орай Тіл айлығының ашылу салтанаты өтті. Шара әнұранмен ашылып, бишілеріміз қазақ биін биледі. Оқушылар тіл туралы үш тілде өлең оқып, Хатеп Хисмет "Қазақ тілі" әнін шырқады. Тіл шежіресі туралы презентация көрсетілді. Оқушылардың бойынан тілге деген құрмет пен патриотизм сезілді.