14 Желт 2020
Страницы ЖОББ Шежін мектеп-бөбекжай-бақша кешені

Мектеп тарихы

  Тарихы терең еңселі, Шежірелі Шежін мектебі

 

Шежін өзенінің бойында орналасқан Шежін ауылының ортасында  ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы деген үлкен Білім ордасы бар.   Бүгінгі күні ақыл мен  мінезге, ғылымға тәрбиелеп отырған осы шеберханамыздың қажымай қызмет жасап келе жатқанына да 80 жылдан асып отыр.

Елбасының «Өткенімізді білмей, болашақты болжау қиын» деген сөзіне назар аудара отырып, мектептің тарихына үңілгенде түрлі уақыт керуені көз алдымызға келеді.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасы бар қасиетті орын алғашқыда 1928 жылы төрт жылдық бастауыш мектебі болып ашылды. 1932 жылы жеті жылдық мектепке айналды. Уақыттың өзгеруімен мектеп те өзгерді, оқушы саны да көбейді. 1938 жылы аудан бойынша орта мектеп статусын алған алғашқы мектептердің бірі болып 10 жылдық мектеп аталды. Ал 1983 жылы екі қабатты   типтік үлгідегі жаңа ғимаратқа 624 оқушымен көшіріліп, бүкіл ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады. Мектеп 2005 жылға дейін орыс-қазақ аралас мектебі болса, 2006 жылдан бері қазақ тілінде оқытылады. Мектеп қызмет жасаған уақыттан бері қызықты да қилы жолдардан өтіп қалыптасты, 2006 жылы аудан бойынша алғашқылардың бірі болып мектеп ішінен балабақша ашылды, қазіргі кезде 2 топта 40 бала, мектепалды даярлық тобында 10 бала тәрбиеленуде, 2018 жылы мектеп жанынан 35 орындық интернат ашылып, 2019 жылы жабылды.

Ал кейбір жандардың фәниден бақиға дейін созылып жатқан ұланғайыр жолда өз соқпаған  тауып, халқының көсегесін көгерту үшін бойдағы бар күшін сарқа жұмсайтыны да жоқ емес.Бәлкім, адамның адамшылығы оның еліне сіңірген еңбегіне жатқан шығар. 1928 жылдан 1932,1937  жылдар аралығында мектеп шаңырағында ие болған, ақылмен, көрегендікпен басқарып келген мектеп директорлары Қабдол Қойшығұлов,Бижан Жұмагалиев,Сабыр Ержанов деген азаматтардың есімін құрметпен атаймыз. Мектеп тек өз ауылын ғана емес, сонымен бірге қазіргі Мереке, Амангелді, Атамекен, Оян ауылының да жоғары сынып оқушыларын  қабылдап, білім бергендігін айтпай кетуге болмайды, себебі осы күнге дейін мектеп дәстүрі бойынша түлектеріміз мектепке келіп, мұғалімдері мен мектебіне ризашылығы мен алғыстарының шексіз екенін білдіруде.

Елдің басына қара түн төнген 1941 жылы 10-сыныптардың бәрі соғысқа аттанды. Көптеген мектеп түлектері ауылға оралмады. Уақыттың қиындығына қарамай соғыстың тауқіметін тарта жүріп, осы қиын-қыспақ жылдардың ауыртпалығына қарамастан мектеп ұстаздары өз ісін жалғастырған Бекқали Сержанов, Қалеш Меңдешев, Нұрғаным Жұбанышқалиева, Вера Жибатинская,Вера Голощекова  және т.б. шәкірттерге тәлім-тәрбие беруден қол үзбеді.Осы мезгілде Фауеден Досжанов (1937-1947 жж), Б.Б.Шаяхметов (1943-1945), Ғиният Сариев (1945-1946 ж), Мұрат Зайтешев (1947-1950) және Сабыр Сүндетов (1952-1957 ж) деген азаматтар осы жылдары мектеп жұмысын жауапкершілікпен атқарып, шәкірттерге де жағдай жасауды ұмытпаған мектеп басшылары еді. Қиын жылдары біршама шәкірттер әкелері мен ағаларының жылдары біршама шәкірттер әкелері мен ағаларының орнына жұмысқа шығып, оқудан қол үзіп қалып отырған. Бірақ балалардың көпшілігі қиындыққа қарамастан орта білім алып, оқуларын одан әрі жалғастырып жатты.

Мектеп директорлары қызметін атқарған  Шайдулла Хабиев (1957-1959 ж), Едіген Қайролла (1959-1961 ж), Карим Қайыршин (1961-1963 ж), Есмұқан Иржанов (1963-1969 ж) ұжым басқару, бала бала тәрбиелеумен қатар мектептің туындаған қиындықтардың көбін алдын алып отырған.1969-1975 жылдары мектеп ұжымын Зейнолла Семғалиұлы Семғалиев басшылық жасады. Осы жылдар ішінде мектеп өмірінде жағымды жаңалықтар да орын алған. Сол жылдары мектеп жанынан құрылған «Шұғыла» өндірістік бригадасы 1964 жылдан 1990 жылға дейін қызмет жасады. Бұл өндірістік бригаданың территориясы 7 гектарға жететін жемісі мен жидегі мол мәуелі бақтың ішінде бақша да егетін, суаратын шаруашылығы болды. Шежін өзенінің жағасындағы бұл бақ ауыл адамдары үшін табиғаттың берген үлкен сыйы еді. Бұл сая болған, береке берген, риздығы мол қасиетті орын еді. Жиналған өніммен мектеп оқушылары мен интернаттағы балаларды, ауыл тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз еткен. Бұл орын мектеп тарихында елеулі орын алды.

Мектепті 1975-1977 оқу жылында Утешов Ғарифолла Мерғалиұлы, ал 1977-1985 жылдары Абуев Мади Шүкірұлы,1985-1987 жылдары Г.Г.Урынгалиев басқарды. 1983 жылы жаңа ғимаратқа көшкенмен оқушыларға жағдай жасауда екі қабатты ғимаратты көмір отынмен жылытудың қиындығына тап болды, сол кезде жұмыс істеген мұғалімдердің барлығы да мектепті жылытуға байланысты кезекпе-кезек күні-түні жылыту қазандықтарын қадағалап,жұмыс істегендігінен өзінен бұрын өзгенің қамын ойлайтын жандар да аз болмағанын айта кету керек.

Жас буынға жақсы тәлім-тәрбие беруде мектепте А. М. Скоробогатов атындағы пионер ұйымы жұмыс істеген. Балалармен жұмыс жасауда аға пионер вожатый қызметін атқарған Б.Қ.Жұмалиева, Қ.Ш.Қожаева, Л.М.Абуева, А.Д.Нарушева және т.б. еңбегін атап өтуге болады.Жалындаған жастарға қайрат-жігер беруші комсомол ұйымы еді. 1974 оқу жылын аяқтаған бір топ 10-сынып оқушылары, еліміздің экономикасын өркендетуге өз үлестерін қосты. Қай кезде де, қай дәуірде де адамгершілік, қамқорлық, еңбекқорлық, ұжымшылдық деген түсінікті адамзат ту етіп ұстап келді. Осы бағытта пионер, комсомол ұйымының қатарында жалынды жастар тобы белсенді қызмет атқарды. Бұл кезде комсомол-жастардың алдыңғы қатарында болған лидерлердің ішінде Балденов Мұратқали, Исмагулов Темірбек, Утешев Орынбасар, Еділбаева Ақмарал, Дауылбаев Мақсот, т.б.болған.

Ұстаз- ұлы есім. Ұздардың еңбегін бағалап, білімді биік деңгейге дамыта алған халықтың бағы жанып,мәртебесі жоғары болатыны белгілі. Мектептің алғашқы құрылған уақытынан бастап ұстаздық еткен ұлағат иелері көптеп саналады. Мектеп өмірінде көп жылдар бойы еңбегін сарп қылған ардагер ұстаздардың мектеп тарихындағы алатын орны ерекше. Білім ордасында әр жылдарда жұмыс істеген педагогтер: Иржанов Есмұқан Ержанұлы «Ленин» орденінің иегері , Кутищев Николай Николаевич «КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері» 1946-1982 жылдары математика пәнінің мұғалімі болған , ұзақ жылдар оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. Химия-биология пәні мұғалімдері Шафиева Ғалия Хафизовна «КСРО ағарту ісінің үздігі», «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «Социалистік жарыстың жүлдегері», «Аға ұстаз» белгілерімен марапатталған (1953-1983), Алимова Клара «Аға мұғалім» (1980-1990), Мурзагалиева Қ.С.  (1986-2002), Урынгалиева Н.И. (1985-1987), Джумалиева Ж.Ш. (1992-1994),Темирова Э.К. (2006-2012), география пәнінің мұғалімдері Бадашев Ө. Б. (1958-1970), Дошимов М. А. (1980-1994) бұл мұғалім 1980-1986 жылдары оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған, Хаиров С.Г. (1970-1996ж), Хаиров О.Г. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1998-2012), Хаирова Д.А. (1974-1994), Шакаева Б.А. (1976-2007), Дакешева Э.М. (1995-1998).Математика пәні мұғалімдері Сержанов  Б.А. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1944-1982), Симбиркина Е.В. (1950-1982), Бисенгалиев У.Б. (1973-1986), Абуева Б. М. (1977-1986), Зулхаева А. Т.(1986-2005), Бисалиева А.Т.(1988-2005),Ахметова С.Б. (2000-2017), физика пәні мұғалімдері Имангалиева Б.Р. (1981-1996), Ахметов Ғ.Ш. (1974-2007) «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған,оқу ісі орынбасары қызметін атқарған (1987-2000).Тарих пәнінің мұғалімдері Сағатов Б.С., Жұбанышқалиева Н. Қ. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1946-1948,1959-1983), оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін атқарған, Семгалиев З.С. (1968-1975), Қожахметов А.Б. (1969-1994), Спашев А.М. (1985-1997). Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Омашева Ш.Ғ., С.Т.Табылдиева  «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», Дуйсенов Қ. (1974-1977), Қайырғалиев Шаки (1979-1990), Сейітова Ә.Қ. «ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталған (1974-2008), Дуйсенова Ф.Х. «ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған (1992-2011). Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Искалиева С.Н. (1965-1970ж), Шакаев Б.У. (1977-1996),Тапенова К.Д.(1970-1994), Утешев Г.М. (1974-2009), Оркина Л.Д. (1976-1976), Кужаева Қ.Ш. (1981-1995), Джумалиева Б.К. Қаз СРО халық ағарту ісінің озық қызметкері (1987-1998), Бисенбаева Д.К. (1987-1992), Шакаева А.Б. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (1980-2012), Урынгалиева Г.М., Курмышева Ж.Е. (1995-2003), Утегалиева Г.К. (1999-2016), Дуйсенова Г.У. (1995-2015).Шет тілі мұғалімдері Қойбақов А.Қ.,Орехова В.В. неміс тілі (1956-1984), Дуйсенова Р.К. (1971-1976), Назарова А.Б. (1971-1973), Молдагалиева К.К. (1976-1994), Спашева Н.Г. (1986-1996), Ержанова С.Б. (1984-2014),Казжанова Л.Б.(2006-2009), Зайнуллина Б.С.(2004-2012), Муфтиева Ф.С. (200-2004), Булатова А.С. (2001-2004). Бастауыш сынып мұғалімдері Хорошкина Н.И. (1950-1978), Анисова Қанипа, Абдулова Қанымай, Дуйсенова Қаныкей (1963-1980), Уразалиева К., Қисметова Д. (1957-1980 ж), Агисова К.А. (1974-1986), Кумыскалиева Р.Х., Аяпкалиева А. Ж. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1973-2005), Кужекешева Ш.С. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған (1970-2010), Куспанова Г.Б. (1986-2010) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған, Тұяқова Ж.И. (1988 – 2004), Хатепова М.Б. (1982-2017). АӘД оқытушы- ұйымдастырушылары Спашев С.М.(1970-1980), Дошимов М. М. (1982-1988), Киясов А.М.(1988-1991), Казжанов С. Н.(1997-2005), Шакиров Т.А.(2005-2007).

Ұстаз ғибрат еткен мектеп түлектері бүгінде кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек майданының сан тарау саласында өз бақытын сынап жүр. Қолда бар дерек бойынша 1953-2018 жылдан бері мектепті 2332 түлек бітірген. Ерекше назар аударатыны 1964-65-66 жылғы мектеп түлектері білімдерін дұрыс, дәл, мақсатты пайдалана алған. Себебі көпшілігі жоғарғы оқу орындарына түсіп, жақсы бітірген.

«Ауылына қарап азаматын таны» дегендей мектеп түлектеріміз қайда жүрсе де туған ауылымыздай сынды келешегі кемел, өрісі кең құшақтан шыққандарың ұмытпай, туған жер, өскен орталарың мақтан етіп,туған жеріміздің мәртебесін арттырып жүргендері үшін алғысымызды білдіреміз.

Ауылдастар өз мектебін мақтаныш етеді. Мектептің білім беру, саясат, экономика, қызмет көрсету, медицина саласының көрнекті қайраткерлеріне айналған түлектеріміз жетерлік. Олардың қатарында Ахметов Бақтығали Қазақ ССР еңбегі сіңген дәрігер, Тасқала ауданының құрметті азаматы, Қалиев Жайкүн көп жылдар бойы инженер-гидротехник саласы бойынша басшылық қызмет атқарған, Маширов Ишан «Еңбек даңқы» ордені иегері, Бакитов Бекбол, Шелеуов Жарылқап ВДНХ медалінің иегері, Еңбек даңқы ордені иегерлері, Балыков Жардемғали Тасқала ауданы бойынша әкімшілікте көп жылдар бойы басшылық қызмет атқарды, Байтуков Уразғали АШМ экономика бас басқармасы, басқарма бөлімінің бастығы, АШМ басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған, Жұмағалиев Ерболат облыс әкімінің орынбасары, облыстық бюджетті жоспарлау департаментінің басшысы қызметін атқарды, Ажибаев Ерсайын Ақтөбе облысының ауыл шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды, Мухамбеталиев Баян «Қазақстан» РТРК АҚ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды, Ирменова Клара медицина ғылымдарының докторы, Дуйсенова Мансия «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Бадашев Бекет -«ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», облыстық көп салалы балалар ауруханасының директоры, Спашев Сәкөн көп жылдар бойы мектеп директоры қызметін атқарған, Урынгалиев Галим Бөрлі, Тасқала ауданы әкімінің  орынбасары, Орал қаласы әкімінің кеңесші қызметін атқарған,Сұлтанова Мақпал – ҚҰМУ С.Асфендияров атындағы әлеуметтік-тәрбие жөніндегі басқармасының бастығы,химия және биохимия аға оқытушысы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Кушалиев Қайсар- Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ветеринария ғылымдарының докторы,  Булатова Қанжан БҚМУ аға-оқытушысы, ҚР білім беру министрлігінің ағарту ісінің үздігі, Кужекешева Райхан ҚР Мәдениет қызметкері, ОХШО әдіскері, балетмейстер, Исмагулов Илияс- «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» УМГ директорының І орынбасары, Шакиров Талғат Шежін ауылдық округінің әкімі, Балыков Асхат Ақтөбе қаласы перинаталдық орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, Дуйсенова Сания ҚР Денсаулық министрлігі қаржы департаментінің бас сарапшысы, Жұмашев Нұртай «Лайгэ» ЖШС директоры, кәсіпкер, Шакаева Динара-Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинетінің, жалпы орта білім бөлімінің басшысы, Шакаева Гауһар ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қаржы департаментінің директоры, Нарымбаев Асан Тасқала аудандық білім бөлімінің басшысы, Темрешев Азамат-«Андас» оқу орталығы директорының әкімшілік-шарашылық ісі жөніндегі орынбсары, Дуйсекешева Нурия аудандық аурухана директорының орынбасары, Сундетова Айгуль Астана қ. «Зерде» білім беру орталығының директоры, Айтжанов Жанбулат «Сәулет» мектеп-лицейінің директоры, Уразалиева Айман Амангелді ЖОББМБК директоры, Батырова Бибигуль аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Шәкірттердің ішінде әскери, құқық қорғау саласы бойынша мамандарды да мақтаныш тұтып отырамыз. А.Амангалиев пен М.Дауылбаев Ауғаныстан жерінде отан алдындағы борышын өтеп елге аман оралды. Соңы прапорщик алды полковник шенінде жүрген Шафиев А.Х., Алдабергенов Р., Курмышев Қ. полковник, Казжанов С.М.-Тасқала аудандық полиция бөлімінің  мемлекеттік аға автоинспекторы, полиция майоры, Исмагулов Ө.Б. запастағы полковник,  Шакаев Данияр ҚР Ұлттық гвардиясының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің басшысы, полковник, Бекталиева Алия Ақтөбе қалалық сотының судьясы, Батыргалиева Гульфия Атырау қалалық сотының судьясы, Айткулов Еркін ҚР Түркістан облысы ҰҚК басшысының орынбасары, Булатов Дидар ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының аға оқытушысы-қорғау қызметінің бастығы, капитан, Ишмухамбетова Айгуль ҚР ІІМ Ақтөбе қаласындағы заңгерлік институтында аға инспектор (ОКР) қызметін атқаруда,майор осы мектеп түлектерін  және т.б. мектеп түлектеріміз мектептің абыройын асқақтатып, әр салада қызметтерін абыроймен атқаруда.

Ұстаз үмітін ақтаған оқушыларымыз көңіл қуантады. Соның ішінде Еліміз тәуелсіздік алған ішінде мектепті Л. Искалиева (1991ж.), М.Танабаев пен Л.Есенғалиева (1998ж.), Ж.Шакаева және А. Абдрахманова (1999ж.), Р.Казжанов пен А. Симбиркина (2002 ж.), А.Сүйналиев, Г.Кушанова және Ж. Кушанова (2003ж.) үздік бітіріп, үлгілі аттестат алып шықты.Ал 2013 жылы Аманжолова Раушан, 2017 жылы Душаканова Нургуль, 2018 жылы Ахметова Айзере – «Алтын белгі» иегерлері атанса, 2015 жылы Акбулат Дина үздік аттестатпен аяқтады. Қазіргі таңда Аманжолова Раушан Л.Н.Гумелев атындағы Евразия Ұлттық университетінің магистранты, Душаканова Нургуль  Ақтөбе қаласының М.Оспанов атындағы медициналық академиясының, Ахметова Айзере Алматы қаласы Әль-Фараби атындағы Ұлттық университетінің студенттері.

Өмірде басы ашық бір ақиқат бар. Табиғатынан адал, кішіпейіл, қарапайым жанның қандай бір лауазымды мансаптың тұтқасын ұстаса да, өзіндік бітім-болмысының өзгеруі екіталай, оның үстіне бүкіл саналы өмірін қастерлі мамандық-ұстаздыққа арнаған үлкен жүректі адамның бір ғана мақсаты болады: ол-шәкірт алдындағы жоғары жауапкершілігі, сол жолда қажымай-талмай еңбек етуі. 1987-1998 жылдары мектепті басқарған Джумалиева Батима Құлбарақовна. Өте талапшыл басшы заман ағымына сәйкес Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгілі болған тарихи оқиғаны бастан өткізіп, егемен еліміздің барлық бастамаларын қолдап,жүзеге асыруда күш-жігерін аянбай қызмет еткен басшы болды.  

Еліміздің Тәуелсіздігі нық қадам баса бастаған кезде мектеп ұжымын 1998-2013 жылдары Уразалиева Айман Нурғалиевна басқарды. Бұл жылдары мектеп ұжымын жақсы табыстарға қол жеткізді. Мектептің материалдық техникалық базасы жаңартылып, кеңейе бастады. 2006 жылы мектепте 25 орындық балабақша ашылды, 2001 жылдан бастап компьютерлермен жабдықтала бастады, 2005 ж. физика, 2006 ж. химия, 2007 ж. мультимедия кабинеттері жабдықталды.Педагогтер облыстық, республикалық деңгейде байқауларға қатысып, көптеген жетістіктерге жетті.2002 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дуйсенова Ф.Х. облыстық «Үздік жыл мұғалімі» байқауына қатысып, «Жаңашыл ұстаз» аталымына ие болды.  2007 жылы «Батыс Қазақстан облыстық жас ұстаздар» форумына математика пән мұғалімі Ахметова С.Б. жүлделі ІІІ орын, облыстық «Ең үздік тәрбиеші-2008» байқауында мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Айжарикова Г.Т. «Шебер ұйымдастарушы», облыстық «Оқу кабинеттерінің озық жабдықтау» байқауында физика кабинеті ІІ орын (меңгерушісі Бисенгалиева Б.Ш), 2011 жылы Дуйсенова Г.А. облыстық «Өз ісінің шебері» атты мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. 2006 жылы облыстық Абай оқуларында ІІІ орынға , 2007 жылы І облыстық Мақатаев оқуларында Мурзабеков А. ІІІ орынға (мұғалімі Дуйсенова Г.А.) ие болды. 2007 ж. мектептің туристік тобы республикалық слетте ІІ орын (жетекшісі Шакиров Т.А.) алса, 2008 ж. облыстық «Жайық Орал-2008» туристік-экологиялық  туризм слетінде Бекболова Б. ІІІ орынға ие (жет.Хаиров О.Г.) болды.

          2013-2015 жылдары Кусаинов Ақылбек Апальченович, 2016 жылдан бастап Дуйсенова Гульнар  Аманжоловна басқарып келеді.

Қазіргі таңда ЖОББ Шежін мектеп-балабақшасын  жаңа технологиямен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар оқу орны. Мектептің басты құндылығы- жаңашыл педагогтар мен талантты оқушылар. Еліміздің білім беру саласындағы өзгерістерге сай деңгейлік бағдарламалар бойынша  11 педагог, үштілділік бойынша 1 педагог және білім берудің жаңа мазмұнына сай білімін жетілдірген мұғалімдер мен тәрбиешілер-17, мектепте 41 педагогтің  6-ы жоғары санатты, 13-і бірінші санатты, 10-ы екінші санатты. Сонымен қатар жаңа форматты  аттестациядан өткен педагог- сарапшы 5, педагог-модератор 3 мұғалім. Мектеп педагогтарының  59 % мектептің бұрынғы түлектері.    Мұғалімдер талапқа сай түрлі әдістерді шебер қолдануда. Жақсы білім алып шығуға көптеген жағдайлар жасалып, мектеп ұжымы заманға сай аяқ басып келеді.  

Мектебіміз де талай шыңдарды бағындыруда. 33 жылдан кейін 2016 жылы мектепке 136 млнға күрделі жөндеу жасалып, жаңарып, жаңғырып қалғаны көз қуантады. 2017 жылы облыстық «Ең үздік мектеп»  байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды.

Мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесі аудандық, облыстық және республикалық деңгейде таратылып,бұқаралық ақпараттық құралдар беттерінде жарық көрді. 2014 жылы Айжарикова Г.Т.облыстық «Мектепалды даярлық тобы оқу-тәрбие іс-әрекетінің үздік жоспары» байқауының жүлдегері, 2015 жылы облыстық  «Үздік жобалық жұмыс» байқауына қатысқаны үшін сертификат, 2016 жылы  БҚО білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы мектеп мұғалімдері  Бакитова В.С., Ахметова Б.Д. Қазақстанның «Данқ» кітабына енсе, сонымен бірге Ахметова Б.Д. мен Тагаева А.К. жұмыстары «ЭКСПО-2017: Мәңгілік Ел құндылықтары» атты республикалық ғылыми жобалар материалдарының жинағына енді. Бакитова В.С. облыстық желілік білім мазмұнын жаңарту бойынша жетекші мектептерінің қоғамдастықтарының форумына қатысты. «Жаратылыстану-математика пәндерді оқытуда смарт техниканы қолданудың тиімділігі»,   «Мұғалімнің желілік қоғамдастығы-жаңа мүмкіндіктер»  тақырыбында өткен облыстық  ғылыми-тәжірибелік он-лайын конференцияға «Мұғалімнің кәсіби-қоғамдастығы-оқыту үрдісінің жаңарту маңызды стратегиясы»  тақырыбында баяндамалар жасалып, облыс педагогтеріне таратуға жинақтарға енгізілді (2017 жылы). Ахметова С.Б. облыстық математика пәнінің мұғалімдеріне арналған семинарда «Математика пәнінен ҰБТ-ке дайындау және  есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасады ( 2016 жыл). Ахметова Б.Д.  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы» облыстық ғылыми-тәжірибелік, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында смарт техникаларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысты (2017 ж). Жармуханова Г.С. «Ауыл мектебі жағдайында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды» секциясы бойынша іс-тәжірибесімен бөліссе, «Бастауыш сыныпта ағылшын тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинарына қатысты (2017 ж), 2017 жыл Бектыбаева А.А.  «Лингвист» облыстық озық педагогикалық тәжірибемен алмасу мектебінде «Орыс тілі мен әдебиет сабақтарында топтық жұмысты өткізу және ұйымдастыру» тақырыбында  атты шеберлік сыныбын өткізді (2018 ж). Жаңа форматты сабақ өткізу барысында оқушылардың пәнге деген   қызығушылығын арттыру, проблемалық ізденіс арқылы сыни ойлауға дағдыландыру Ажгиреева Ш.Ж., Бакитова В.С., Жармуханова Г.С., Ахметова Б.Д., Тагаева А.К., Кадралиева Г.Ж., Бектыбаева А.А., Салахиденова Г.Т., Карменова Б.Ш., Байтукова А.Б., Мухамбеталиев Р.З.,Алдунгарова Э.А.,Айжарикова Г.Т., Бисенгалиева С.А. сабақтарында ерекше орын алады. 2017 жылдан бастап мектеп ауылдың төрт мектебіне жетекшілік етіп, қоғамдастық аясында әдістемелік жұмысын атқаруда. ЖОББ Амангельді, Мереке, Ақтау мектептері және І Шежін БМ әріптестерімен және өзіміз мектептің мұғалімдерімен желілік қоғамдастық құрылды. Қоғамдастық мүшелері бетпе-бет кездесіп, бағдарлама шеңберінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды талқылайды. Форум, тәжірибелік сабақтар, тренингті коучингтер, семинарлар арқылы біліктіліктерін көтеруге жағдай жасалуда.

Ұстаздардың еңбегі елеусіз қалған жоқ.Бакитова В.С.ҚР Білім және ғылым минитрлігінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты», «Білім беру саласының үздігі» Құрметті атағының  төсбелгінің иесі, Мухитанова С.Ж. ҚР Білім және ғылым минитрлігінің «Құрмет грамотасы», Айжарикова Г.Т. «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгінің иегері, Батыс Қазақстан облысының  Білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:  Дакешев Н.К., Ажгиреева Ш.Ж., Дуйсенова Г.А., Байтукова А.Б., Алдунгарова Э.А., Карменова Б.Ш., Айжарикова Г.Т. Мухамбеталиев Р. З., Ахметова Б.Д. Х облыстық «Жас сұңқар – 2017» жас полиция топтарының жарысына топтарды дайындауда жоғары жауапкершілігі үшін Сисекешева К.У. «Алғыс хат». Тәжірибесі шыңдалған, өз мамандығын өлшеусіз сүйетін жандарды атап өтуге болады. Олар Мухитанова С.Ж., Бисенгалиева Б.Ш., Бисенгалиева  Г.Ж., Дакешев Н.К., Казжанов С.Н., Каражумин Б.К.,Сисикешева В.Е.,Булатова Г.Е. ХХІ ғасырда өз дәстүрін жалғаған білім ордасының мақсаты-заман талабына сай сапалы біліммен қаруландыру. Осы орайда ұстаздар еңбегін ақтап, әр түрлі деңгейдегі облыстық, республикалық сайыстардың биігінен көрініп жүрген шәкірттеріміз көңілімізді қуантады.

Туристік, экологиялық, спорттық, шығармашылық бағытта оқушыларымыз өз үлестерін қосып аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Облыстық «Ақжелкен» математикалық регата Асқар Б. І орын (жет. Ажгиреева Ш. Ж.),облыстық ғылыми-практикалық конференция Сытдыкова Б. ІІІ орын ( жетекшісі Мухитанова С. Ж. ), облыстық  «Бизнес – жоба» байқауы Насибуллин Ә. «Алғыс хат» (жет. Бисенгалиева С. А), облыстық «Зерде» интеллектуалдық ойын жарысы  Муратов Д. І орын (жет. Ахметова С. Б.), Халықаралық интеллектуалдық “British Bulldog” ойыны Имангалиева А., Жумашева А. І орын, Насибулла Г. І орын, Турегалиева А. ІІ орын (жетекшілер Жармуханова Г.С., Атауова Г.М.). Қазақсан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай балалар поэзиясының республикалық байқауында Мендешев Б. І орын  (жетекшісі Мукашева Г. М.) 2016 жыл, Халықаралық «Русский медвежонок» турнирі Азбергенова З. ІІІ орын (жетекшісі Бектыбаева А.А.) 2017 жыл,  облыстық «Оқусыз білім жоқ – 2017» байқауы Сытдыкова Б., Сапашева К., Хасенова Ә. , Серикова А. –ІІІ орын (жетекшісі Бектыбаева А. А.), облыстық экологиялық олимпиада ІІІ орын Куанышкалиева А. (жетекшілері Карменова Б. Ш., Бакитова В. С.), облыстық «Қорықты ел» зерттеу жобалар секциясы ІІІ орын Насибулин Ә.( жетекшісі Бисенгалиева С. А.), облыстық «Астана – арман қала»  тақырыбындағы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған сурет байқауы Мамай Б.  «Алғыс хат» (жет. Мухитанова С. Ж.), облыстық «Жас сұңқар – 2017» жас полиция «Алғыс хат» (жет.Мухамбеталиев Р.З, Сисекешева К. У.), облыстық «Бағдаршам- 2016» қозғалыстың жас инспекторлар жарысы ІІІ орын (жет. Мухамбеталиев Р.З.),  облыстық «Алау-2016» әскери спорттық жарыс ІІІ орын (жет. Мухамбеталиев Р. З.). Республикалық «Мен чемпион» атты теледидар спорттық жарыс І орын, Мырзабеков А. «Князь канатов» номинациясына ие болды, 2016 жыл (жетекшісі Казжанов С.Н., Дакешев Н.К.),     Республикалық «Жас құтқарушылар» КАЗСПАС жарысы І орын  Насибуллин Ә., Айдарбек Б.,  Аяпбергенова К. ( жетекшісі Каражумин Б. Х.).

Мектептен тыс аудандық спорт мектебі мен музыкалық  мектебімен тығыз жұмыстанып, жақсы нәтиже көрсетуде. 2017-2018 оқу жылында облыстық, республикалық чемпионатта еркін күрестен Жалмуханбетов Н., Уәли А., Джумагалиев А., Серик Е., Мамай Е., Нұрхан Д., «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық турнир Серік Е., Джумагалиев А. І орын, Мамай Е., Шагиров Е.,Жалмуханбетов Ұ. ІІ орын, Серік Ержан «Үздік техникасы»  номинациясы, Ақжайық ауданында  Кеңес Одағының батыры Михаил Абдоловты еске алу құрметіне арналған еркін күрестен жасөспірімдер және кіші  жасөспірім арасындағы БҚО – ның ашық турнирінде Джумагалиев А., Шагиров Е., Серік Е. І орын, Жалмуханбетов Ұ., Нұрханұлы Д.,Мамай Е.  жүлделі ІІ орын (жетекшісі Каздаев Р. Г). 2018 жылы Сырым ауданында А.Саукелиннің 60 жасқа толу мерейтойына орай облыстық ашық турнирде Қалешов Мерей  ІІІ орын, Атырау облысы Индер ауылындағы КСРО спорт шебері С.У.Азербаевты еске алуға арналған халықаралық жарыста Кулгалиев Тимур ІІ орын, Дауылбаев Қайсар мен  Шагиров Еркебұлан ІІІ орын, Атырау облысы Доссор кентіндегі Т.Б. Құсайыновты еске алуға арналған еркін күрестен ашық республикалық турнирінде Есқали Диас ІІ орын, Мамай Ерасыл мен  Шагиров Еркебұлан ІІІ орынға ие болды (жетекшісі Каздаев Р. Г.). Оқушыларды спортқа шыңдау мақсатында спортттық жарыстардың қорытындысы бойынша 3 оқушы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернатына түсіп, жақсы нәтиже көрсетуде (Сағынгереев Б.,Серік Е., Куспанова А.).

2016 жылдан мектепте  би үйірмесі  жүргізіліп, «Жібек жолы» би ансамблі құрылды. Бұл ансамбль құрылғаннан бері Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларында өткен халықаралық «Тұлға», «Ақ көгершін», «Күншуақ», «Дала дарындары» фестивалідеріне қатысып жүлделі орындарды иеленді.  «Жібек жолы» халықтық би ансанблі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған хореография өнерінің «Нұрлы жол» ІV облыстық ашық фестиваліне қатысып «Әлем халықтарының биі» аталымы  бойынша І орын, Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен ІУ халықаралық балалармен жасөспірімдердің «Би ырғағымен» фестиваліне қатысып, ІІ дәрежелі лауреат атағын жеңіп алса, облыстық «Биде шекара жоқ» фестивалінде бас жүлдеге ие болып, Грузия мемлекетіне жолдама алды да, Батуми қаласында өткен «Алтын руно»  Халықаралық байқауында І орынға ие болды (жет. Кадыркулова Н. Е.).

           Аудандық домбыра оркестр құрамындағы оқушыларымыз Алматы қаласында өткен Республикалық  «Рауан» фестиваль – байқауында «Аспапты музыка» аталымы бойынша гран-приге ие болса, Ақтөбе қаласында  өткен Республикалық жас орындаушылардың және халық аспаптары ансамблі оркестрлерінің фестиваль – конкурсында  «Ұлы дала мұрасы» І дәрежелі лауреат дәрежесін иеленді.

         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласы үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-бабамыздың ұстанған дәстүрлерін әрі қарай жалғастыру болып табылатындығының тағы бір айғағы ретінде мектеп тарихын тағы бір шолып, кейінгі ұрпаққа мирас етуді жөн көрдік. Бұл- ұрпақ сабақтастығы.     Мектебіміздің жыл сайын мәртебесінің өсіп-өнуі мектеп ұстаздары мен оқушыларының арқасында. Рухани қазынамыз саналатын ордамызда саналы да тәрбиелі, білімді оқушыларымыз сарқылмай, еселене беріп, Жалпы орта білім беретін Шежін мектеп-балабақшасының алар асулары мен биік белестері мол болып, жылдан-жылға артыла беретініне сенімдіміз.

         Мектептің 80 жылдығына орай мектеп мұражайын жаңа үлгіде безендіріп, қалпына келтіріп, жабдықтауда өз үлестерін қосқан Исмагулов Ильяс, Утешев Орынбасар, Жұмашев Нұртай, Дакешев Қанат, Акишев Исқақ,  Едилбаев Бекет, Ирменоа Самиғолла, Дуйсенов Тельжан, Имашев Бауыржан, Шакиров Талғат, Нарымбаев Асан, Ишмұқанбетов Данияр және 1990, 1994 жылғы мектеп түлектеріне ризашылығымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта мектепті талай асулар мен белестер күтіп тұр, өзгермелі заманда ортақ мақсат: балалар ХХІ ғасыр оқушысы бола алу үшін оқытуды жақсарту болып табылады. Осы бағытта мектептің қарқынды өсуі мен дамуы үрдіс үстінде деп айта аламын.

 

 

 Дуйсенова Гульнар Аманжоловна  - ЖББ Шежін ОМББК директоры

 

          

 

 

 

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар