Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «30 қайырымды іс» науқаны өз жалғасын іске асыру мақсатында мектеп тәлімгері Батырова Ж.Н мен "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері ауылымыздың тұрғыны жалғыз басты Самиға әжейдің үйіне барып, ауласын қалың қардан тазартып және үйіндегі жиһаздарды ауыстырып көмек көрсетті. Самиға әжей ұйым белсенділеріне өз алғысын білдірді.
#кайырымдылық жасай білейік.