Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Әрбір қазақ жеті атасын жетік білуі міндетті, бұл отбасылық тәлім-тәрбиенің негізі. Мектебімізде оқушылар арасында "Жеті атаңды білесің бе?" атты челендж өтуде. Челлендждің алғашқы қадамын 3 сынып оқушысы Аяпберген Ұлжан жасады.