25 Мамыр 2021
Іс-шаралар

Бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты соғылды.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебінің соңғы қоңырауына жиналды.  Тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасты.  Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер есінен мәңгі өшпейтін күнге айналды.

Гүл толы қала, далада,

Гүл толы бүгін омырау.

Қоштасып мектеп-анамен,

Соғылды соңғы қоңырау.

Салтанатты жиын мектептің негізгі курсын аяқтағалы отырған 9 сынып оқушылары мен 11 сынып түлектеріне ұйымдастырылып, өткізілді. Жиын барысында барлық  санитарлық талаптар сақталды.  Салтанатты жиын мектептің ауласында өткізілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар