Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
Ақылың толып, білімің түсті қорлана,
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген — өмірге берген жолдама.
14 маусым күні мектебіміздің 2021 жылғы түлектеріне арналып, "Сәт сапар, Жас түлек!" атты Аттестат алу салтанатты шарасы ұйымдастырылып, өтті. Шара санитарлық талаптарды ескере отырып, таза ауада, мектеп алаңында өткізілді.
2020-21 оқу жылында 11-сынып бойынша 4 шәкірт білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.
Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша сыныпта «Алтын белгі» иегері де бар . Ол, мектебіміздің мақтанышы: Жексенова Дильназ Талғатқызы. Салтанатты шара барысында түлектер мектеп вальсін билеп, ұстаздарға ән арнап айтты. Барлық түлектерге де сәт-сапар тілейміз.