18 Нау 2021
Кітапхана

Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Наурыз» көрмесі ұйымдастырылды

Шежін мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің кітапханасында жылдың басты мейрамы Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Наурыз» көрмесі ұйымдастырылып наурыз туралы қысқа мәлімет берілді.

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде «жаңа күн» мағынасын білдіреді.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз кұні» болып аталып келеді. Ал ЭНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзербайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда – 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Пайдалы ақпараттық ресурстар