«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз» кітап оқу акциясы бойынша (үзіліс кезінде бір мезетте ұжыммен кітап оқуы) 7 сынып оқушысы Джанакова Ажар өзінің оқыған Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы бойынша эссе жазып ұсынды. Тау суындай арқырап келген, құйрықты жұлдыздай ағып түскен қазақтың хас таланттарының бірі Саттар Ерубаев. Небәрі 23 жылдық ғұмырында артында өлместей шығармалар қалдыра алды. Солардың бірі һәм бірегейі «Менің құрдастарым» деп аталатын аяқталмай қалған роман. Аяқталмаған романы нақтылы өмірден, өзі араласып жүрген оның қуаныш-сүйенеішіне ортақ болған өмірден алынып жазылған шынайы «өмір көркемдігінің» шығармасы болды. Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны құрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді.
http://shejin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/kitaphana-shejin/10287-%C2%AB20-%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D1%83%D1%82-%D0%BE%D2%9B%D1%8B%D0%B4%D0%B0,-3-%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D1%83%D1%82-%D1%8D%D1%81%D1%81%D0%B5-%D0%B6%D0%B0%D0%B7%C2%BB-%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF-%D0%BE%D2%9B%D1%83-%D0%B0%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B.html#sigFreeId9989a75e3f