06 Ақп 2021
Кітапхана

9-11 сынып оқушылары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобасымен таныстырылды

9-11 сынып  оқушылары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобасымен таныстырылды.

Жоба мақсаты:
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты Тәуелсіздік жылдарында заманауи Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты мысалында қоғамда табыстылық идеяларын, меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту.  

Қазақстанның егемен ел болып қалыптасып, дамуына үкіметтік органдармен тізе түйістіріп қызмет етіп жүрген мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен түрлі салалық ұйымдардың қосқан үлесі зор. Осындай ұйымдар, қауымдастықтар, бірлестіктер қызметін көрсету және азаматтық бастамаларды насихаттау мақсатында жоба институционалды іріктеу қағидасымен жүргізілді. Сонымен қоса жеке тұлғалар да өтініш білдіріп, өз үміткерлерін ұсыну мүмкіндігі де қарастырылған.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыру үш кезеңнен тұрады:
1-кезең. 3 қыркүйек- 25 қазан аралығында өтініштер қабылданды. 
2- кезең. 25 қазан – 2 қараша аралығында сараптама комиссиясынан құралған жұмыс тобы 200 үміткерді іріктеп, дауыс беру кезеңіне өткізді. 
3-кезең. Дауыс беру 2-15 қараша аралығында өтеді.

Жобаның атқаратын үш үлкен қызметі бар:

  1. Ақылмен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту;
  2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің мультимедиалық алаңын қалыптастыру;
  3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.

Аталған үш қызмет бойынша қазірдің өзінде өңірлік тапсырмалар қолға алынып, іріктеу жұмыстары басталып кетті. Әр аймақтан шыққан тұлғалар, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, саясаткерлер мен ақын-жазушылар, елдің бүгінгі күні мен ертеңі үшін еңбек етіп жатқан қайраткерлердің осы тізімде екені анық. Солардың ішінен халықтың таңдауы арнайы комиссияның шешімімен жүз жаңа есімді анықтау маңызды.

«100 жаңа есім» жобасы негізінде түрлі шаралар мен конкурстар ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер өтіп жатыр. Бұл жаппай халық болып қолдау тауып жатқан жобаға деген түсініктің дұрыстығы. Яғни әркім өз ауданының қайраткеріне көмектесуге дайын деген сөз. Жобаның мәніне қарап отырып бір нәрсені жақсы түсінуге болады: біріге отырып жұмыс жасау арқылы, шынайы еңбекқор адамның еңбегін бағалау арқылы оған қолдау көрсету, ұйымшылдық пен бере-бірлікке шақыру.

Пайдалы ақпараттық ресурстар