03 Нау 2021
Кітапхана

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша "Өзін оқып, өзгеге ұсын" Readx book жобасы аясында оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөлісіп, оқыған кітабын жарнамалау мақсатында балабақша тәрбиешісі Г.Е.Булатова қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі М.О.Әуезовтың "Қорғансыздың күні" әңгімесін ұсынады. "Қорғансыздың күні" - М.Әуезовтың 1921 жылы "Қызыл Қазақстан" журналының 3-4 сандарында "Арғын" деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда "Қорғансыздың күні" деген атпен жеке кітап болып шыққан. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.


Пайдалы ақпараттық ресурстар