ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, 8 наурыз аналар мерекесіне орай мектепте 10-16 жас қызбалалар арасында "Бұрымды қыз-2021" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: қыздарға ұмытылуға айналған ұлттық төл мәдениетімізбен өнерімізді қайта тірлітіп, салт-дәстүрімізді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік тағылым қалыптастыру арқылы әділеттілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, ақылды да ажарлы, дарын да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру. Байқау қорытындысы бойынша:Женисова Сабина бас жүлде, Жомарт Айназ I орын, Жалмуханбетова Айзада II орын, Тельжанова Айару III орын, Сұңғат Ақмарал, Аманжол Еркежан, Молдашева Сабина, Жанакова Альбина номинацияларға ие болды. Қатысушыларға алғыс хатпен және сыйлықтар табысталды.