14 Желт 2020
Конкурс

ЖАҢА ИДЕЯЛАР

ЖАҢА ИДЕЯЛАР ЖАРШЫСЫ

  МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ

  Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер (1-сурет) әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етеді. Осыған сәйкес біздің елімізде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектеп үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңыздылығы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды 21-ғасырға қалай дайындайды?» деген келелі тұжырымдар. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен, біз, мұғалімдер, өзгеруіміз қажет. Ол үшін заманауи тәсілдерді меңгеруіміз керек.

        Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады,  21-ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқу әдістемелері арасында сыңдарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.

       Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын оқып келгеннен кейін мектепте мұғалімдердің көшбасшылық идеясын дамытуды жүзеге асыруды мақсат еттім. Өйткені, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.

 

 

 

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Тақырыбы: Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

    XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда  жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы  және инновациялық технологияларды  меңгерту.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан  жылға күрделі және өзекті  мәселеге  айналуда.Оқыту барысында  озық,тиімді технологиялар тәжірибеге  енгізілуде.

    Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады », -деген болатын. Ал қазақтың заңгер  жазушысы Мұхтар  Әуезов  былай деген екен «Халық  пен халықты теңеретін-білім» деп  айтқандай,білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу-біздің  мақсатымыз.Сондықтанда  жаңа жаңалықтардан  қалмай жаңалық  жаршысы болуымыз керек.Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі,жаңа тәжірибе ,жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
    Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Пайдалы ақпараттық ресурстар