Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектеп педагогтарының жаңартылған білім мазмұнын меңгеруде әдістемелік қолдауды ұйымдастыруда жетекші мектептердің жұмысын жүйелейтін ереже тағайындалған.
Ережеге сай атқарылатын жұмыстың барысын мектептегі басшылықтың ұйымдастыруымен көшбасшы- коучтер мен арнайы дайындалған мектеп тренерлері және критериалды бағалаудың үйлестірушілерінің өзіндік қызмет бағыттары көрсетілген. Жетекші мектептің қызметі мұғалімді даярлау емес, дайын білімді тереңдетуге және жетілдіруге бағытталады, яғни мамандардың бір орында қалып қоймай кәсіби дамуына ықпал ететін қызметті жүзеге асыратын мектеп деуге болады. Бұндай маңызды қызметтің түрі жауапкершілігіне артылса, ол мектеп басқа мектептерге қарағанда кадр жағынан, білім сапасы жағынан, оқуға барлық мүмкіндік қамтылған мектеп базасы жағынан да көш ілгері болу керек. Мектептердің кәсіби желілік қауымдастығы оқушылар оқытуда жоғары нәтижеге жету үшін, бірнеше мектеп, әріптестер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-әрекеттерді жоспарлау, жүзеге асыру, өз әрекеттеріне талдау жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер бірлесе отырып, мұғалімдердің желідегі практикалық қызметін ұйымдастыру; құрылатын жобаларға қатысушылардың шығармашылық қабылетін дамыту және іске асыру; мектептің басқарудың жаңа бастамаларын игеру-өзектілігі болып табылады. Осы мақсатпен аудандық білім бөлімінің бұйрығы негізінде мектебіміз Амангелді және Мереке мектебіне жетекші мектеп болып тағайындалды.Жұмыс жасау принципі-«Зерттеу негізіндегі тәжірибе». Зерттеу тақырыбымыз «Нәтиже құны –өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі » Жетекші мектептің директоры Дуйсенова Г.А. І дейгейлі, қазақ тілі және әдебиет пәнінің педагог-зерттеушісі, мектеп көшбасшысы. Мектепте 38 мұғалім қызмет етеді, соның ішінде педагог-зерттеуші - 4, педагог-сарапшы-9, педагог-модератор -7. Деңгейлік курстан өткен -12 мұғалім, көшбасшылық курстан – 1, тренер -3, мектеп үйлестірушісі-1.Серіктес мектептер: ЖББ Амангелді МБК директоры Уразалиева А.Н. 40 педагог жұмыс жасайды, соның ішінде педагог-зерттеуші - 4, педагог-сарапшы-9, педагог-модератор -7. Деңгейлік курстан өткен -7 мұғалім, көшбасшылық курстан – 1. мектеп үйлестірушісі-1.ЖББ Мереке МБК мектеп директоры Ерғали М.Е. 32 педагог жұмыс жасайды соның ішінде педагог-зерттеуші - 3, педагог-сарапшы-8, педагог-модератор -3. Деңгейлік курстан өткен -4 мұғалім, тренер -1.
Желілік қоғамдыстықтың арқасында мектеп ұстаздары басқа мектептермен тығыз ынтымақтаса отырып, мектептегі өзгерістермен, тәжірибелерімен бөлісіп, алмасады.
Мақсаты:-Тиімді идеяларға қол жеткізу мақсатында мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру;
- Сәтті педагогикалық тәжірибелерді тарату;
- Біріккен ақпараттық орта қалыптастыру.
Міндеттері: -жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану арқылы оқушыларға жан-жақты білім беру;
-деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің белсенді қарым-қатынастарына жағдай туғызу;
- үлгілі педагогикалық тәжірибелерді тарату;
-мектептегі мұғалімдердің қоғамдастыққа сенімділігін коучингтер жүргізу арқылы дамыту;
-желілік қоғамдастық арқылы басқа мектептермен әдістемелік байланыс орнату.
Қағидалар: Сенімділік, жауапкершілік, өзара қолдау.
Күтілетін нәтиже:
-Мұғалімдер идеяларымен алмасады;
-мектептермен іскерлік қарым-қатынас қалыптасады;
-мұғалімдердің кәсіби біліктіліктері үнемі жетілдіріліп отырады;
-мүмкіндіктер кеңейеді;
-белгілі проблема бойынша зерттеу топтар қалыптасады.
Желілік қоғамдастықтың жоспары бес кезеңнен тұрады:
- Мұғалімдердің мектепішілік желілік қоғамдастығын ұйымдастыру
- Интернет желілік қоғамдастық ұйымдастыру
- Желілік қоғамдастық мүшелерінің белсенділіктерін қолдау
- Аудан, облыс, республикалық желілік қоғамдастықтармен байланыс орнату
- Мониторинг және бақылау.
- Жетекші мектептердің қызметінің бағыттары
- Енгізілу кезеңдеріне сәйкес мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеруіне жағдай жасау;
- Білім мазмұнын жаңарту жағдайында Бағдарламаларды жүзеге асыруда мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету;
- Назарбаев Зияткерлік мектептерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасау және жалпы білім беретін мектептердің жұмыс тәжірибесіне бейімдеу;
- Орталық бағдарламалары бойынша курстан өтпеген мұғалімдер үшін «Тең-теңімен» қағидаты бойынша мектепішілік біліктілікті арттыру шеңберінде өзара оқытуды ұйымдастыру үшін ынтымақтастық орта құру және Бағдарламаның сәйкесті деңгейі бойынша курстан өткен барлық педагогтардың қызметтестігін қамтамасыз ету;
- Педагог қызметкерлердің желілік тобын құру және ұйымдастыру, педагогикалық озық бастамаларға үнемі қолдау көрсету;
- Үздік әдістемелік ресурстар қорын құру және оларды таратуға жағдай жасау СЛАЙД Бұл жұмысты қалалық жетекші мектептердің бірі №37 ЖОББ мектебінің, «Ұлағат» желілік қоғамдастығы жұмысынан көруге болады.
- Жетекші мектептердің функциялары
- Мұғалімдердің кәсіби дамуына қатысты мәселелерді шешу үшін Педагогикалық шеберлік орталығы жасақтаған, Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша жоспар мен кестеге сай мұғалімдерді дайындау бағытында қысқа мерзімді курстарды өткізуге ұйымдастыру-әдістемелік жағдай туғызу және орын бөлу;
- Педагогикалық шеберлік орталығы бағдарламалары бойынша оқыту курстарынан өткен педагогикалық қызметкерлерді курстан кейін қолдау бағытында іс-шаралар ұйымдастыру;
- Педагогикалық шеберлік орталығы бағдарламалары бойынша оқыту курстарынан өткен жалпы білім беретін мектеп мұғаілмдерінің үздік тәжірибелерін және НЗМ тәжірибесін дамыту және тарату бағытында әртүрлі деңгейдегі семинарлар, вебинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
- Жаңартылған білім мазмұнын меңгертуге дайындауда, оқыту мен оқуда заманауи тәсілдерді қолдануда, кедергілерді анықтау және оларды түзетуде, іс -шаралар ұйымдастыруда мұғалімдер дайындығы үдерісінің тиімділігін мониторингілеуді ұйымдастыру;
- Педагогикалық шеберлік орталығы бағдарламаларының сәйкесті деңгейі бойынша оқыту курстарынан өткен педагогикалық қызметкерлер құрған желілік әдістемелік құрылымдардың дамуына ықпал ету;
- Жетекші мектептер жұмысына орталық тренерлері, жетекші мектеп үйлестірушілері, әдіскерлер, білім басқармаларының өкілдері, өңірлік және аудандық ОӘО және барлық қызығуышылық танытқан құрылымдар арасында қызметтестік механизмін орнату;
Педагогтардың өз тәжірибесін зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік құзіреттілігін дамытуда тиімді жағдай жасау, Lesson Study форматында мұғалімдердің зерттеушілік қабілетін таратуға ықпал ету;
- Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мектеп жұмысы үшін ресурстар қорын құру, педагогтардың нақты тәжірибесі негізінде сапалы оқу-әдістемелік жинақтар жасауға ықпал ету;
- Жетекші мектептер қызметін ұйымдастыру негіздері
Жалпы білім беретін мектепке Жетекші мектеп мәртебесін тағайындауда Педагогикалық шеберлік орталығы мен оның филиалдары бастама жасайды. Педагогикалық шеберлік орталығы және оның филиалдарының ұсынысы негізінде көшбасшылық мәртебесін дәлелдеген, педагогтардың желілік қоғамдастықтарын құруда көшбасшылық қызметті жүргізе алатын, желіні ұйымдастырушы ретінде танылған өңірлік мектепке «Жетекші мектеп» мәртебесі жергілікті білім басқармасының бұйрығымен беріледі.
Жетекші мектептер келесі ұйымдастырушылық-әдістемелік құрылымның негізінде жұмыстар атқарады:
- Жетекші мектептер - Орталықтың аймақтық филиалдағы Үйлестіру орталығы: яғни филиал құрамына енетін тренерлер тобына, ұйым басшысына, облыстық білім басқармасының және аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне, коуч-көшбасшы тобының мұғалімдеріне, Жетекші мектептің жұмысына жетекшілік жасайтын желілік көшбасшы болып табылады;
- Ұжым жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында Жетекші мектептің үйлестірушісі болыпҮйлестіру кеңеспен келісілген мектеп басшысы тағайындайды. Оның қызметін директор, директордың орынбасары немесе І деңгей Бағдарламасын меңгерген мұғалім атқара алады;
- Проблемалық топтар, зерттеу топтары мен фокус-топтар, желілік байланыстағы басқа облыстағы мектептердің бастамасымен айналысатын Жетекші мектептің қызметтік бағыттары бойынша Жетекші мектептің тобы немесе арнайы педагогикалық қызметкерлерінен құралған шығармашылық тобы жұмыс жасайды. Топтың ішкі құрылымы Жетекші мектептің үйлестіру кеңесінің ағымдағы міндеттері мен жұмыс жоспарының негізінде анықталады. Топтар Жетекші мектепте жұмыс жасайтын аудан бойынша мұғалім-көшбасшыларын тарта отырып желілік бағытта да құруға болады.
Жетекші мектептің ресурстық орталығы – Жетекші мектептің жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік ресурстарына ашық қол жеткізетін банк және Орталық портал торабы мен Жетекші мектептің сайтында ішінара мен жалпы көрінісі бар кітапхана, медиатека, мұрағат орналасқан желілік топ.
Магнитті мектеп – желілік топқа енетін ұйымдасқан түрдегі біріктірілген Жетекші мектептердің аймақтық мектептер тобы (магниттік мектептер саны 1 жетекші мектептің 10 магниттік мектепке пропорционалдық қатынасымен анықталады)
Жетекші мектептің ресурстық орталығының пайдаланушылары – Жетекші мектептің Ресурстық орталығында тіркелген пайдаланылған материалдарды тәжірибеде, оқытуда, зерттеу жұмыстарында қолданушы жетекші және магниттік мектептің барлық педагогикалық қызметкерлері.
- Жетекші мектеп үйлестіру орталығы бекіткен және жергілікті білім беру органдары мен әдістемелік қызметтердің бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Үйлестіру орталығының құзыретіне:
-Жетекші мектептің ағымдағы жұмыстары барысында БҒМ қабылдаған жаңартылған білім мазмұнының мәселелері негізіндегі стратегиялық құжаттардың, өңделген және қабылданған болашақтағы және ағымдағы (жылдық) жоспарлардың жергілікті басқару органдары мен әдістемелік қызметтердің келісімді түрде жүзеге асырылу стратегиясын анықтау;
- Жетекші мектептер жұмысының тиімді модельдерін әзірлеу;
- Жетекші мектептердің үйлестірушілерін, топ көшбасшыларын бекіту.
Жетекші мектеп үйлестірушісінің құзіретіне кіреді:
- Жетекші мектептің қызметі мен функциясындағы мақсаттар, міндеттер, бағыттардың барлық циклі негізінде басқару жұмысымен ұйымды қамтамасыз ету (жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг, талдау, түзету),
- Жетекші мектеп жұмысының жекелеген бағыттарын дамытуға арналған мұғалімдер тобын құруға бастамашылық жасау;
- Жетекші мектептің жұмыс модельдері мен жүйелерін талқылау және қабылдауды ұйымдастыру;
- Жетекші мектептің өз міндеттерін орындау мақсатындағы басқа ұжымдардың және уақытша құрылған шығармашылық топтардың өзара іс-қимылын тиімді үйлестіру;
- Форумдарда, жиналыстарда, тұсаукесерлер мен конференцияларда Жетекші мектептерін енгізу.
- Магниттік мектептің тобына жергілікті басқару органдарымен және әдістемелік қызметпен келісілген ұйымдасқан түрдегі біріктірілген желілік тобындағы Жетекші мектептер кіреді.
Магниттік мектептің қызметіне:
- Жетекші мектептің ұйымдастырған жаңартылған білім беру мазмұнының міндеттерінің орындалуын және педагог кадрларды білім беру мазмұнын жаңарту жағдайына дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету;
- Жетекші мектептің педагогтерді оқыту шараларының алдын ала Жоспар іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;
- Жетекші мектептің міндеттері аясында педагогтердің желілік қарым-қатынастағы (күндізгі, он-лайн, офф-лайн) белсенділігін ұйымдастыру.
Жетекші мектептердің ресурстық орталығы қызметкерлері:
- Білім және ғылым министрлігінің жоспарлары мен бұйрықтарына сәйкес жетекші мектептердің базасында ұйымдастырылған бекітілген кестеге және тасымалдау нұсқаулары негізінде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді;
- Жетекші мектептің ұйымдастырған іс-шараларына (Жетекші мектептердің тәжірибелі мұғалімдерінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерінің, Орталықтың сертификатталған тренерлерінің өткізуімен семинарларға, шеберлік сыныптарына, кеңес отырыстарға) үнемі қатысады;
- Жетекші мектептердің қызметіндегі сайт, блогтар, ресурстық порталдар арқылы ақпараттық-әдістемелік іс-тәжірибе алмасуға тұрақты атсалысады, желілік қоғамдастықтардың қызметіне қатысады.