Хаттама
Тақырыбы: Бала өмірінің қауіпсіздігі ата-ана рөлі.
Күні: 03.09.2020 ж.
Контингент: 1-11 сынып ата-аналары
Мақсаты: жәбірлеу мәселесі бойынша ата — аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын ,алдын алатын мүмкіндікке әкелетін ата — ананың тәртібінің алгоритмін дайындау.
Қолданылған құрал-жабдықтар: WhatsApp желісі арқылы.
Шара барысы: Бүгінгі біздің «Бала өмірінің қауіпсіздігі ата-ана рөлі» атты баяндамада ата — анаға бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керектігін естеріне түсіру, жәбірлеу туралы ақпарат беру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны ерекше екендігі жайлы баяндалды. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана екендігі түсіндірілді.
«Мен және менің балам» атты ата-аналарға тест өкізілді. Тесттің мақсаты ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау.
Ата-аналарға балаларымен қалай дұрыс қарым-қатынас орнату керек екендігі жайлы кеңес жадынамалар таратылды.
http://shejin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/ped-psiholog/8784-%D1%85%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0-33.html#sigFreeIdbcfdec82c0