15 Желт 2020
Педагог-психолог

Ата-аналарға арналған тест «Мен және менің балам»

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі аса зор. Олар бала өмірінде  «құрастырушылар, жобалаушылар және құрлысшылар»  болып табылады. Бұл тест ата-аналарға бала тәрбиесіннің мәселелерін  толықтырып, анықтауға көмектеседі.

Нұсқаулық:

-         Болуы мүмкін бе?  А

-         Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.  Б

-         Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.  В

Сұрақтар:

1. Кез-келген уақытта барлық жұмысыңызды тастап, бала тәрбиесімен айналыса аласыз ба? 

А

Б

В

2. Балаңыздың жасына қарамай әр түрлі мәселемен бөлісе аласыз ба?

А

Б

В

3. Балаңыздың қателерін айта аласыз ба?

А

Б

В

4. Өзіңіздің қателегіңіз үшін балаңыздың алдында кешірім сұрайсыз ба? 

А

Б

В

5. Балаңыз сізді ашуландырса, өз-өзіңізді ұстай аласыз ба? 

А

Б

В

6. Өзіңізді балаңыздың орнына қойып көрдіңіз бе? 

А

Б

В

7. Бір минутқа болсын өзіңізді сиқыршы болып елестете аласыз ба? 

А

Б

В

8. Баланың көңіліне келетін ауыр сөздер айта аласыз ба?  

А

Б

В

9. Балаңызды арманын оның жақсы тәртібі үшін орындай аласыз ба?

А

Б

В

10. Балаңыз үшін бір күнді бөліп, оның қалағанын, ойына келгенін істете аласыз ба? 

А

Б

В

11. Балаңыздың өтінішіне, көз жасына, еркелігіне шыдай аласыз ба?

А

Б

В

12. Өзіңіздің әділетсіздігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба? 

А

Б

В

Тест қорытындысы:

 Жауап «А» болса онда -3 ұпай,  «Б» болса онда – 2 ұпай,  «В» болса онда – 1 ұпай.

         Егер сіз 27-ден – 36-ға дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз үшін балаңыз өміріңіздің мәні де сәні. Сіз балаңызды тыңдап қана қоймай, оны түсініп, оған сыпайылықпен қарап, ылғи да оны қолдап, сіз балаңызды тәрбиенің озық ұстанымдарын ұстайсыз. Басқа сөзбен айтқанда сіз дұрыс істейсіз және бұдан жақсы қорытынды шығады деп сеніңіз.

          

           Егер 13-тен 27-ге дейін ұпай жинасаңыз. Сіз үшін бала қамқорлығы маңызды болып санала ма?  Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті болғанмен сіз оны аса қолданбайсыз. Сіздің тым қатал немесе ақкөңіл болғаныңыз бе?,   жүргізетін тәрбие  жұмысына кедергі жасайды. Бала тәрбиесіне шын көңіл бөлу үшін аса ойлануыңыз қажет.

         

           Егер 13 ұпай болса. Сізде баланы тәрбиелеуде үлкен қиындықтар туындайды. Балаңызды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге қабілетіңіз немесе мұршаңыз жоқ. Мамандардың және педагогтар мен психологтың кеңесін алуыңыз қажет немесе жанұя тәрбиесі туралы мақалаларды оқуыңыз керек.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар