04 Мамыр 2021
Әлеуметтік педагог

Шежін «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» жобасының сәір айында өткізілетін шаралар туралы есебі

Сәуір айында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» жобасының жоспары бойынша «Еңбек-қуаныш, жалқаулық арылмас азап» тақырыбында сынып жетекшілер мен педагог-психологпен бірлесе отырып сынып сағаттары жүргізілді.

Сынып сағатын педагог-психолог А.Жәлімбетова ойын тренингімен бастады. Әлеуметтік педагог А.Тастемирова мен сынып жетекші отбасындағы кездесін зорлық-зомбылық түрлерін атап, оның алдын алу жолдары мен бұл жайт заңмен қудаланылатынын түсіндіріп өтті.

Шара барысында оқушылар өткізілген тренингке белсене қатысып, берілген ақпарат бойынша өз ойларын ортаға салып, постер қорғады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар