«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиаданың жеңімпазы
ҚР Бірінші Президентінің Елбасы «Ел үміті» бастамасының аясында ҚР ауыл мектептерінің 5 – 6 сынып оқушылары арасында Ұлттық зияткерлік олимпиада өткізу бойынша «Мың бала» жобасы жүзеге асырылды. Бұл жобаның мақсаты дарынды балаларды анықтап, мамандырылған мектептерде оқуына жағдай жасау. Функционалдық сауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлауын бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша мектебіміздің оқушысы Акбулатова Сара жүлделі орынға ие болып, республикамыздың ең үздік мектептеріне оқуға түсті. Сонымен қатар «Нұрсұлтан Назарбаев» қорынан сыйлық - ноутбукті аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы табыстады.
http://shejin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/ped-shejin/8816-%C2%AB%D0%BC%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%C2%BB-%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%B7%D0%B8%D1%8F%D1%82%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B6%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%BC%D0%BF%D0%B0%D0%B7%D1%8B.html#sigFreeIddb020127c3