06 Ақп 2021
Әлеуметтік педагог

Жаңа жыл қарсаңында атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына жалпы оқу қорынан және демеушілік көрсеткен көмектер туралы мәлімет.

 Шежін  «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені КММ

Жаңа жыл қарсаңында атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына жалпы оқу қорынан және демеушілік көрсеткен көмектер туралы мәлімет.

 

Еліміздегі пандемияға байланысты биылғы Жаңа жыл тойланбады. Алайда мектебіміздегі  атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 отбасы және аз қамтылған 5 отбасы балаларына Жаңа жылдық мерекеге байланысты сыйлықтар алынып таратылды.Жалпы оқу қорынан бөлінген қаражатқа осы аталғын 8 отбасындағы 19 балаға қысқы күрте және тәттілер алынып, табысталды.

Ерекше білімді қажет ететін 2 оқушыға және оқуға жарамсыз 1 балаға демеушілер атынан ойыншық пен тәтті табысталды.

Президенттік шыршаға 1 оқушы қатысып  ауыл әкімі аппаратының бас маманы Д. Имашева және мектеп директоры Г. Дуйсенова оқушының сыйлығы табыстады.

Ауылымыздың жеке кәсіпкері Е. Дуйсенгалиевтің демеушілігімен балабақша тәрбиеленушілеріне ойыншықтар табыстады.

Жаңа жыл қарсаңында мектепте көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға Тасқала ауданы әкімі А. С. Халеловтың атынан Жаңа жылдық құттықтауы мен сыйлықтары табысталды. Балаларымызға жаңа жылдық көңіл-күй мен қуаныш сыйлаған аудан әкіміне мектеп ұжымының, ата-аналардың атынан ризашылығымызды білдіреміз! 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар