Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары»
іс-шарасын өткізудің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ басшылыққа алынды. 11 сыныптың түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыруға арналған іс-шараның II кезеңі санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып сағат 10.40.-тан бастап «Аялайық табиғатты бәріміз!» экологиялық десанты ұйымдастырылды. Түлектермен, бірге 10 сынып оқушылары, тәлімгер мен география, биология пәні мұғалімдерінен құрылған экологиялық десанты ауылымыздың маңында орналасқан бағына барып,өзен жағасын, бақтың ішін қоқыстан тазалап қайтты.