Осы орайда мектебімізде 5-6 сынып оқушыларына арналған шара ұйымдастырылды. Шарада оқушыларға Дина Нүрпейісованың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Дина мен домбыра егіз десек жаңылыспаспыз. Қазақтың қара домбырасын жанына серік еткен Динаның күйлері туралы мәлімет беріліп, 8 "Б" сынып оқушысы Жұмаш Аңсағаным "Бұлбұл" күйін орындады. Оқушылардың таным-түсінігі молайып, білімдеріне білім қосылды деген сенімдеміз.