"Ашық әкімдік" фронт-офистің жұмыстары жоспары аясында білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарламалар бойынша таныстыру, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған "Ашық есік күні" атты іс-шараға 10 сынып оқушылары қатысты. Шара жоспары бойынша Шежін аулдық округінде орналасқан мемлекеттік мекемелерге барып, сол жердегі мамандармен кездесіп, сұхбаттасты. Шара барысында оқушыларға "Қызыл жар" шекара бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Г. Қ. Сабыржан шекарашы қызметі туралы бағыт-бағдар беріп, қандай оқу орындарына түсу керектігі туралы айтып, өтті. Сонымен қатар ауылдық медициналық ФАП қызметкері, фельдшер А. С. Успанова медицина саласындағы мамандықтар туралы таныстырып, мекеме ішінде қысқаша экскурсия өткізді. Бірнеше кездесу барысында оқушылаға "Жастар" ресурстық орталығының жетекшісі Н. М. Мурзагалиева, Шежін ауылдық мәдениет үйінің директоры А. М. Абдрахманова, әдіскер Б. К. Хайрекенова, ауылдық мобильді кітапхана меңгерушісі М.М. Жумашева, балалар кітапхана кітапханашысы З. К. Нурмуханова кездесіп, өз мамандықтары туралы баяндап, сұхбаттасты.
http://shejin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-shejin/13732-ashy-esik-k-ni.html#sigFreeId35c2da5bac