14 Нау 2022
Іс-шаралар

Аналар күні

4 наурыз Аналар күніне орай ауыл балалар кітапханасында "Ана бақыты-балада" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Шараға ауылдың көп балалы аналары мен 5,6 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында ауыл кітапханашылары Нурмуханова З. пен Жумашева М. ұйымдастыруымен   ана туралы бейнероликтер, ауылдың ақсақалдары жолдаған тілектері көрсетілді. Сонымен қатар аналармен қызықты ойын ойнатылып, ана туралы әндер жырланды.  Оқушылар аналарға дайындап келген өлең шумақтарын арнап, сұрақтарын қойып, ойын барысында жануарлар бейнесін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. "Ана-өмірдің шуағы" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде атаулы датаға толатын  қазақтың атақты әйелдер қауымының  суреттері, жарияланған журнал, кітаптары қойылған. Оқушылар тәрбие сағаты барысында мол өнеге, тәлім-тәрбие алды деп ойлаймыз. Аналарға деген ерекше құрмет, әрқашан да аналар беделі биік болсын дегіміз келеді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар