11 Мамыр 2022
Іс-шаралар

Ұлы Жеңіс күніне орай 6 сыныпта "Мен-өз елімнің патриотымын" атты викториналық ойын өтті

Ұлы Жеңіс күніне орай 6 сыныпта "Мен-өз елімнің патриотымын" атты викториналық ойын өтті. Мақсаты: Өз Отанының тарихына қызығушылықты белсендіру, .Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін ойын түрінде бекіту. Өз елінің ұлы ерлігіне мақтаныш сезімі арқылы патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Балалардың интелектуалдық қабілетін дидактикалық құралдар -Екінші дүниежүзілік соғыс туралы жұмбақтар, сұрақтар арқылы дамыту. Оқушылар 2 топқа бөлінді.

Ойын 6 кезеңнен тұрды:

  1. Блиц-сұрақтар
  2. "Ер есімі-ел есіңде"
  3. "Сандар сөйлейді"
  4. Мақал-мәтелдер сайысы
  5. Соғыс туралы ән айту
  6. Жұмбақтар шешу

Ойын соңында Ұлы Отан соғысы туралы бейнесюжет көрсетілді.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар