5-сынып оқушыларының арасында "Салтым менің -асыл қазынам" тақырыбында мақал-мәтелдер сайысы оздырылды. Сайысқа сынып оқушыларынан топ құралып, әр топ мақал-мәтел айтып жарысты. Сайыс 3 бөлімнен тұрды. Бірінші "Кім көп мақал біледі?", екінші "Мақалдың мағынасын аш", үшінші "Мақалға қатысты сурет салу" Оқушылар зор белсенділікпен қатысты. Нәтижесінде екі топ та белсенді болып, достық жеңді.


