Бүгін, 25 мамыр күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында – мектептерде 2021-2022 оқу жылының «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілді.
11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата – аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні. Бұл –алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын, жастар үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентелік сәт.
Шежін МББК КММ 11 сыныпты жалпы 11 оқушы тәмамдады. Сынып жетекшілері –Байтукова Алмагуль Борисовна, Карабасова Шұға Султанярқызы.
Салтанатты жиынға Тасқала аудандық мәдениет үйінің директоры Ескалиев Миржан Сундеткалиевич мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар мектеп басшысы В. Бакитова құттықтау сөз алып, ата-аналар да шара барысында түлектерге ізгі лебіздерін жолдап, мектеп ұстаздарына алғыстарын білдірді. Салтанатты жиынға 1992, 2002 жылғы түлектер қатысты.
Жиын қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.
http://shejin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/is-sharalar-shejin/14296-2021-2022-o-u-zhylyny-so-y-o-yrau-merekesi-tkizildi-2.html#sigFreeId50adfa7531