Республикалық “Адалдық сағаты” акциясы аясында мектебіміздің 7 -8 сынып оқушыларымен “Адал қызметкерлер” тақырыбында іс-шара өтті. Мақсаты: оқушыларға өмірде ата-ана, досқа, өз ісіне адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу. Шараға мектеп директорын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын, ұстаздарды шақырып ашық алаң ретінде сұхбат өтті. Оқушылар өз ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, адал қызметкердің бейнесі қандай болатынын қонақтардан білді.