Қыркүйек айының екінші сенбісі- дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні. Алғашқы көмек- адам өмірін құтқаруға бағытталған шұғыл шара. Алғашқы көмек көрсете білу- қарапайым, бірақ өте маңызды дағды. Бұл дағдының арқасында адам өмірін сақтап қалуға болады. Осыған орай мектебіміздің медбикесі Б . Құрманғалиева кіші қызметкерлер арасында “Жарақаттың алдын алу. Жарақат түрлері. Аяқ- қол сынғанда шина салу ережелері” тақырыбында дәріс оқып, иммобилизациялау түрлерін көрсетті.
Сонымен қатар 5-9 сыныптар арасында “Жарақаттың түрлері және алғашқы медициналық көмекке қажетті дәрі дәрмектер” тақырыбында дәріс оқып, дәрі дәрмектердің қолданылуы, сақталуы, таңғыш байлау туралы ақпаратпен бөлісті.