Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді.
Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. Осыған орай денсаулық апталығында “Дұрыс тамақтану- ұзақ өмір сүрудің кепілі” тақырыбында 3-5-6 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтіп, топ бойынша дәрумендердің түрлері, пайдалы және зиянды тағамдар жөнінде құрастыру жұмыс-ойыны түрінде өтті. Балалар белсене қатысты.