Денсаулық — жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық — адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ — елдің ертеңгі жалғасы.
Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде өрбіді . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі. Осыған орай денсаулық апталығында “Таза өмір сүру- сау болу” тақырыбы бойынша 1-5-6-7 сыныптарда дәріс сабағы өткізілді.