Денсаулық апталығы аясында 7 “А” сыныбында “Денсаулығым-байлығым” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: «Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден-ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендгін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтына қалыптастыру. Тәрбие сағаты барысында оқушылар денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, әртүрлі жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырды.