2022 жылдың 13 қыркүйегінен бастап өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық іске асыру мақсатында Мұғалімдер күніне арналған "Дублер" күнінің жоспары жасақталып, бұйрық шығарылып және дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда. "Дублер" күнін өткізуіне байланысты мектебімізде оқушылармен, педагогтермен, қамқоршылық кеңес мүшесі және мектеп парламенті мүшелерінің қатысуымен отырыс ұйымдастырылды. Отырыста бұйрықпен таныстырылып, бастамашылық топ құрылды.


