18 Ақп 2021
Іс-шаралар

Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне орай іс-шара жоспарына сай үсу, күю кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек, алдын- алу шараларын, 5 сынып оқушыларнына мектебіміздің медбикесі Б.С Құрманғалиева презентация  ұйымдастырды

Сабақта үсу туралы жалпы түсінік, үсудің пайда болуына әсер ететін факторлар, үсік шалдығуға бейім дене бөліктері, үсудің 4 кезеңі, үсу кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрету туралы мағлұмат берілді.

Екінші мәселе, күйік кезіндегі алғашқы көмек көрсету болды. Бұнда күйік туралы анықтама, күйіктің түрлері, күйіктің дәрежелерін анықтау, күйіктің классификациясын және алғашқы көмек көрсету және күйік шалған кездегі қарсы көрсеткіштер жайында мәліметтер ұсынылды.

Оқушылар өздерінің білетін көмек көрсету туралы өз ойларын айтып белсенді қатысты, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, тақырыптың ашылуына үлестерін қосты.

Қатысқан оқушылар саны: 10

Өткізген: мектеп медбикесі: Құрманғалиева Б.С

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар