2021 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін мектебімізде дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол"қайырымдылық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытқан жеке кәсіпкерлер Рисова Г, Мурзакаев Н, және мектебіміздің кәсіподақ ұйымына ризашылығымызды білдіреміз. Аталған азаматтардың қолдауымен мектебіміздің 17 оқушысына мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды.
Мектепке жол ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аударайық! Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!
http://shejin.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalyqtar-shejin/11344-mektepke-zhol-ajyrymdyly-aktsiyasy.html#sigFreeIdc0dc5058d2