Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын табуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Тамыз айының 1-і мен 20-ы аралығында ауылымыздың оқушыларына бірнеше жеке кәсіпкерлерінің демеушілігімен көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді. Атап айтсақ, Амангалиев Э.К., Мурзакаев Н.М., Хайыршаков А.К., және кәсіподақ қорынан оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы, спорттық киімдер таратылды. Мектеп әкімшілігі және ата-аналар атынан демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шексіз алғыс білдіреді.