Жас Ұлан ұйымы оқушыларды бір ту астына жинап, бірлікке, достыққа, ұйымшылдыққа, қайырымды істер жасауға,мәдени-қоғамдық шараларды өздігінен ұйымдастыруға үйретеді. Соның ішінде "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасын сайлау кезіндегі атқарылатын шаралар ұйым мүшелерін одан сайын жақындастыра түсіп, бірлесіп жұмыс жасауға ұмтылдырады. Мектебімізде бүгінгі Жас Ұлан ұйымының Ұланбасын сайлауы өз мәресіне жетті. Нәтижесін комиссия мүшелері есептеп, шешім қабылдау үстінде.