Сайыстың мақсаты: оқушыларды еңбекке баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сайысқа 5 сынып оқушыларынан құралған "Жалын", 6 сынып оқушыларынан құралған " Көксұңқар", 7 сынып оқушыларынан құралған "Бірлік" топтары қатысты. Тартысқа толы 3 кезеңнен тұрған сайыста "Бірлік" тобы 1-орынға, "Жалын" тобы 2-орынға, "Көксұңқар" тобы 3-орынға ие болды.