04 Қаз 2021
Жаңалықтар ЖОББ Шежін

Кәсіби мейрам Ұстаздар күніне орай 6 сынып оқушылары ауылымыздың ардагер ұстаздары Ғұмар Шынғалиевич пен Әния Ғұмарқызының жанұясына барып құттықтап қайтты

Оқушылар ұстаздарға арнаған сұрақтарын қойып, тілектерін білдіріп, мерекеге арнаған өлең шумақтарын айтты. Өз кезегінде ардагер ұстаздар  оқушыларға  ұстаздық  жолдарын баяндап, өздерінің ақыл-кеңестерін , тілектерін білдіріп, әр оқушыға кітаптар табыстады. Құрметті ардагер ұстаздарымызға дендеріне саулық, отбасы амандығын, немере-шөберелерінің  қызығына тоймай  отыруға тілектеспіз.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар