06 Қаз 2021
Жаңалықтар ЖОББ Шежін

«Ерте жастан бастан экологиялық мәдениет» жобасы аясында жүргізілген жұмыстар бойынша анықтама

2021-2022 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде  жүргізілетін жобалар аясында  «Ерте жастан бастан экологиялық мәдениет» жобасы мектепте 1-11 сыныптар арасында экологиялық білім мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға ықпал етуге тәрбиелеу мақсаты болып отыр. Осы орайда мектепте қыркүйек айында 5-7 сыныптар бойынша сенбілік өткізілді. 1-11-сыныптар аралығында экология бойынша «Қазақстанның экологиялық проблемалары», «Су экологиясы»  тақырыптарына  сынып сағаттары өтті.

Сабақ барысында мектепте және үйде суды үнемді пайдалану, қоқысты бөлек жинау  тәсілдерімен, қалдықсыз технологияның тиімділігімен  танысты.  Қазан айында  «Алтын күз» шарасы барысында  қалдықтардан  экобұйымдар, буклеттер, табиғи шикізаттардан  қолөнер бұйымдарын жасау  бұрышын   ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Пайдалы ақпараттық ресурстар