"Қарттарын ардақтаған ел ардақты" атты мектебімізде ауылымыздың зейнетке шыққан қарияларымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Ән, би, тақпақтар тамашалап және мектеп мұражайын аралап, бүгінгі күннен ерекше әсерге бөленіп алғыстарын айтты.
«1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Осыдан 30 жыл бұрын бастау алған бұл мереке – қазіргі таңда бүкіл әлемде дерлік тойланып келеді. Қарттары бар ел – бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын! Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне бүкіл саналы ғұмырларыңызды Отан деп, тынымсыз еңбектеріңізбен және тәлім-тәрбиелеріңізбенен мемлекетіміздің дамуына үлес қосып келесіздер. Әдет-ғұрып, ырым-тыйым, жөн-жоралғыларымызды жадына тоқыған ата-әжелеріміз асыл қазына – кемел кітап сынды. Кеуделері шежіреге толы қарияларымыздың қадірін біліп, бағасына жете білсек ата – салттан ажырамағанымыз деп білеміз.
Өскелең ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін ризашылық білдіре отырып, егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болсын. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыздың арасында атап өтетін мереке күндер көп болсын деп тілейміз!