18 Қаз 2021
Жаңалықтар ЖОББ Шежін

"Жетекші мектеп көшбасшылығы: жаңалықтар, түйінді ойлар" тақырыбында аудан әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Л.Д Габбасованың қатысуымен аймақтық семинар өткізілді.

"Жетекші мектеп  көшбасшылығы: жаңалықтар, түйінді ойлар" тақырыбында аудан әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Л.Д Габбасованың қатысуымен аймақтық семинар өткізілді. Мектеп директоры В.С Бакитова сөз сөйлеп, семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті.

Семинардың мақсаты: Қазіргі заман талабына ілескен, жаңа өзгерістерге қабілетті, өз бетінше шешім қабылдауға бейімделген, түйінді шешім қабылдауға даяр тұлғаны қалыптастыру барысында жетекші көшбасшылығы маңыздылығын ашу; көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау; кәсіби педагогикалық тәжірибелерді тарату, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау.

Семинарға Амангелді МББК, Мереке МББК пән мұғалімдері және мектеп тренерлері қатысты. Бағдарлама бойынша 2 ашық сабақ өткізілді химия, математика пәндерінен. Мектебіміздің психологі А. Жәлімбетова тиімді психологиялық тренинг өткізсе, ал тренерлер Г.С Жармуханова, Г.Т Салахитденова коучинг ұйымдастырды. Қатысушылар семинар соңында ұйымдастырушы әріптестеріне  туындаған сұрақтарын қойып, тиімді жауаптарын алып, алғыстарын білдірді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар