Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сай ағымдағы жылдың 27 қараша күні облыстық «Математикалық регата» турнирі оздырылды.
Шараға 10 ауданның құрама командасы, Орал қаласынан екі команда және үш облыстық мектеп құрама командаларының математика пәні мұғалімдері қатысты. Регатаға Шежін мектебінің жас маманы Хасанова Жібек Оразқызы қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болып келді. Жеңімпаз ұстазымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта да жетістік пен табыстарға жете беруіне тілектеспіз.