Шежін "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінде "Оқу үдерісін жоспарлауда ОүБ қолдану әдістемесі" аймақтық семинары өткізілді. Мектеп директоры В.С.Бакитова сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. Семинардың мақсаты: Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі және бағалау мақсаты мен оның қолдану әдістемесін зерделеу негізінде оқу үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін әзірлейді. Семинарға Амангелді МББК, Мереке МББК пән мұғалімдері және мектеп тренерлері қатысты. Бағдарлама бойынша Мереке МББК мектеп психологі Бегалиева С.Н. "Лабиринт" психологиялық тренинг өткізсе, мектеп тренері Бекетаев Т.Т. "Оқу үдерісін жоспарлауда ОүБ қолдану әдістемесі" тақырыбында коучинг өткізді. Мереке МББК бастауыш сынып мұғалімі Малаева А.С. өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар семинар соңында ұйымдастырушы әріптестеріне туындаған сұрақтарын қойып, тиімді жауаптарын алып, алғыстарын білдірді.
23 Желт 2021
Жаңалықтар ЖОББ Шежін
Шежін "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінде "Оқу үдерісін жоспарлауда ОүБ қолдану әдістемесі" аймақтық семинары өткізілді

Жаңалықтар
-
27 Қырқ 2022
-
22 Қырқ 2022
-
12 Қырқ 2022
-
07 Қырқ 2022
-
07 Қырқ 2022
Пайдалы ақпараттық ресурстар