Мектеп кітапханасында 1-4 сынып оқушыларына арналған "Балаларға базарлық" кітап көрмесі жасақталды. Мектеп кітапханашысы, кітапхана еріктілерімен бірігіп ертегілер кейіпкерлері болып киініп, оқырмандарға ертегілермен таныстырып қысқаша үзіндісін айтты, викториналық сұрақтар қойылды, ұнаған кейіпкерлерінің суреттері салынды.