25 Қаң 2022
Жаңалықтар ЖОББ Шежін

17-қаңтар күні аудандық дебат сайысына кезекті дайындық жүргізілді

Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Ойынға қатысушылар кейін үгіт-насихат пен популистік идеяларды оңай ажыратып, өз ұстанымын көпшілікке нақты аргументтер арқылы жеткізе алады. Мұндай тәжірибе жастарға күнделікті ақпарат ағынын сыни қабылдауға да көмектеседі. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады.

17-қаңтар күні аудандық дебат сайысына кезекті дайындық жүргізілді. Мектепішілік дебат клубының мүшелері 9-11 сыныптарға көрсетлім ойын жүргізді. Көрсетілім ойынды негізге ала отырып, көрермен оқушылар өздерінің дебат алаңында бақтарын сынап көрді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар