15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай мектеп ұжымы және мәдениет үйі бірігіп "Ауған асуында от кешкендер" атты іс- шара ұйымдастырды.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Шараға мектептің 10 сынып оқушылары, "Жас сарбаз" тәрбиеленушілері , тәжік- ауған соғысының ардагері Жалмуханбетов Нұржан Тілегенұлы және мәдениет қызметкерлері қатысты. Оқушыларға Ауған соғысы туралы бейнефильм, ауған ардагерлері туралы презентация көрсетілді, тәжік- ауған соғысы ардагеріне сұрақтар қойылды. "Ауғанстан мәңгі жүрегімде" атты көрмедегі кітаптар таныстырылды. Шара соңында ескерткішке фотосуретке түсті. Ұйымдастырушылар: АӘжТД оқытушы- ұйымдастырушысы Р.Мухамбеталиев және Шежін ауылдық модельдік кітапхана меңгерушісі М.Жумашева