Мектепте "Алғыс айту" күнінің қарсаңында, 7-10 сынып оқушылары арасында, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні бойынша "Мен алғыс айтамын!" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, жазған эсселерде аналарына, ұстаздарына, достары мен сыныптастарына алғыстарын білдірді.


