14 Нау 2022
Жаңалықтар ЖОББ Шежін

Дулат Бабатайұлының 220 жылдығы

Елдіктің жырлаушысы,  еркіндіктің жоқшысы ақын Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына орай, ақынның  өмірін,  шығармаларын оқушыларға терең таныстыру мақсатында 10 сынып оқушыларына "Дулаттың асыл мұрасы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып,  өткізілді. Дөңгелек үстел барысында тарих пәні мұғалімі Б. Ахметкалиев ақынның өмірбаяны мен сол кездегі маңызды қоғам талқылаған мәселелері туралы айтып өтсе,  сынып жетекшісі А.  Бектыбаева ақынның шығармашылық жолымен таныстырды.  Оқушылар өлеңдерін оқып,  талдап,  талқылады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар