10 Маус 2022
Жаңалықтар ЖОББ Шежін

Кезекті түнгі рейд

Тасқала аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Кубаев Б.Ж. және мектебіміздің мектеп әкімшілігі мен жоғары сынып жетекшісімен бірге «түнгі рейд» жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген рейд құқықбұзушылықтың алдын алу; оқушыларымыздың түнгі мезгілде жалғыз жүрмеуі, бөгде адамдармен қарым-қатынаста болмауы, беймезгіл уақытта жүрмеуі қатаң бақыланып, ауыл тұрғындарына, соның ішінде, білім ошағының ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралық рейдтің мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын ала отырып, келешегі кемел ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу.

Ауылымызда оқушы жастағы балаларға тыйым салынған орындар тексерілді. Тексеріс барысында құқықбұзушылық орын алмады.

#Түнгіқаладағыбалалар

#Қауіпсізмектеп

Пайдалы ақпараттық ресурстар